Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет меншігіне пайдаланбай жатқан 8 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды

Мемлекет меншігіне пайдаланбай жатқан 8 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды
Фото: pixabay.com

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында сөз сөйлеген Премьер-Министр Үкімет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқанын айтты. Атап айтқанда, саланы субсидиялау көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит берудің жыл сайынғы көлемі ұлғайтылды, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» арқылы форвардтық сатып алу 2 есеге артты. 2019-2022 жылдары салаға тартылған инвестициялар 25 мың жаңа жұмыс орнын құрып, 72%-ға 850 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«Биыл агроөнеркәсіптік кешен саласында 6,6 мың жаңа жұмыс орны құрылып, шамамен 540 млрд теңге сомасындағы 290 жоба іске асырылуда. 2022 жылдың басынан бастап пайдаланусыз жатқан 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды», — деді Әлихан Смайылов. 

«Ауыл аманаты» арнайы бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Осы мақсаттарға 1 трлн теңге, оның ішінде биыл 100 млрд теңге бағытталады. Бұл 350 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарының табысын арттыруға оң ықпал етеді. Бүгінде 29 млрд теңге сомасында 5,3 мың шағын кредит берілді. Нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Үкімет басшысының айтуынша, «Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа заң өңдеу өнеркәсібінің орнықты дамуына жол ашты. Соңғы жылдары саланың орташа өсуі 4,5% болды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін барлық түсімнің 20%-ын құрады.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету тетігі енгізілді. Қайта өңдеушілерді бастапқы алюминиймен және мыс шикізатымен қамтамасыз ету бойынша 25 келісімге қол қойылды. Бұл алюминийдің қайта өңдеу көлемін 38%-ға және мыстың қайта өңдеу көлемін 49%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«2020 жылы құрылған Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шамамен 221 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібі жобалары қаржыландырылды. Өнеркәсіптік кооперацияға жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап отандық өндірушілермен жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам қаржыға 110 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды», — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 2019-2022 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы сомасы 4,6 трлн-нан астам қаражатқа 586 жоба пайдалануға беріліп, 51 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде осы кезеңде өнеркәсіпте өңдеу үлесі 40%-дан 45,2%-ға дейін өсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді