Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде полиция интернет-алаяқтарға көмектескен жігітті ұстады

Ақтөбеде полиция интернет-алаяқтарға көмектескен жігітті ұстады
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полиция интернет-алаяқтарға көмектескен жігітті ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбе қаласында "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер интернет-алаяқтыққа қатысы бар азаматты ұстады. Жас жігіт Қазақстаннан Ресейге қашып кетуге әрекеттенген сәтінде қолға түсті. Тергеу барысында ол заңсыз ақша айналымына қатысқаны үшін пайда тапқанын мойындады. Күдікті өткен жылдың соңында Telegram мессенджері арқылы қашықтан жұмысқа орналасып, алаяқтық схемаға араласқан. Оның міндеті – курьерлік қызметпен жеткізілген банктік карталар арқылы банкоматтардан ақша шешіп, оны көрсетілген шоттарға жіберіп отыру болған. Әр операциядан белгіленген пайыздық үлесін алып отырған. Тергеу материалдарына сәйкес, аударылған қаражаттың жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асады. 

Қазіргі уақытта алаяқтардың арбауына түсіп, ақшасынан айырылған үш жәбірленуші анықталды. Олардың барлығы – телефон арқылы жасалған алаяқтықтың құрбандары.

Ірі көлемдегі алаяқтық және оған сыбайлас болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға өз деректерін бермеуге және күмәнді жұмыс ұсыныстарына сенбеуге шақырады. Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді