Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада “Anti-Fraud” ЖПІШ өтуде: полицейлер интернет-алаяқты ұстады

Елордада “Anti-Fraud” ЖПІШ өтуде: полицейлер интернет-алаяқты ұстады
Фото: Polisia.kz

Елордада интернет-алаяқтыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында “Anti-Fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері Instagram желісіндегі жалған аккаунт арқылы қала тұрғындарынан алаяқтық жолмен ақша алған 18 жастағы жас жігітті анықтады. Белгілі болғандай, жас жігіт гүл сатамын деген желеумен жалған аккаунттар ашып, жалған есепшоттарға 20-40 мың теңге көлемінде алдын-ала төлем сұраған.

Одан кейін ақшаны өзінің банк картасына аударған. Келтірілген жалпы шығын шамамен 300 мың теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас 16 қылмысқа қатыстылығы анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға онлайн-платформалардан тауар сатып алу кезінде қырағы болу керектігін еске салады. Сатушы берген ақпараттың шынайы екеніне сенімді болмайынша, ешқашан аванстық төлемді жібермеңіз. Сонымен қатар ЖПІШ аясында полицейлер қоғамдық орындарда интернет-алаяқтықтың алдын-алу бойынша материалдар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты