Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық полицейлер зейнеткерлерден ақша алған дропперді ұстады

Елордалық полицейлер зейнеткерлерден ақша алған дропперді ұстады
Фото: бейне скриншот

Астананың жедел уәкілдері интернет-алаяқтардың нұсқауы бойынша жұмыс істеген “курьерді” тәулік ішінде анықтап, ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дроппер негізінен елорданың қарт тұрғындарының үйіне барып отырған.

85 жастағы әйел полицияға арызданып, белгісіз жігітке 1 млн 600 мың теңге бергенін айтқан.

Зейнеткердің айтуынша, оған бір ер адам қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған. Содан кейін ол әйелдің немересі жол-көлік оқиғасына себепші болғанын айтып, жағдайды реттеу үшін ақша талап еткен.

Тұрғын ақшаны үйіне келген курьерге берген. Алайда біраз уақыттан кейін бұның алаяқтардың айласы екенін түсінген.

Алаяқтар 65 жастағы зейнеткерді де алдаған. Әйел дропперге 1 млн 400 мың теңге беріп жіберген.

Осы схема бойынша қаланың тағы бір 85 жастағы тұрғыны алданып қалды. Ол алаяқтарға 3 млн 700 мың теңге берген.

– Күдікті құрықталды. Тергеу барысында оның Telegram қосымшасында хабарландыру көріп, сол арқылы “курьер” болып жұмысқа тұрғанын анықтадық. Ол интернет-алаяқтарға алданған зейнеткерлерден ақша әкетіп отырған. Қолма-қол ақшаның белгілі бір бөлігін өзіне қалдырып, қалған бөлігін банк деректемелері арқылы шетелге жіберген. Қазіргі уақытта ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторында, – деді Астана қ. ПД “Алматы” ауданы ПБ аға жедел уәкілі Алтынхан Мухиддинов.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде.

– Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деп хабарлады полиция.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты