Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі

Астанада полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Астанада полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру барысында "Anti-fraud" жедел алдын алу шарасы аясында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 20 жастағы дропперді ұстады. Ол қылмыстық топқа шоттарға қол жеткізу үшін деректер мен банк карталарының реквизиттерін берген. Белгілі болғандай, бұл алаяқтық схемаға қала тұрғыны тап болған. Жәбірленушіге белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар оның шотына кибершабуыл жасалғанын айтып, оны болдырмау үшін қаражатты қауіпсіз шоттарға аудару керектігін хабарлаған. Жәбірленуші сеніп, алаяқтар көрсеткен шотқа 1 млн теңге көлемінде ақша аударған. Алайда ақша аударылғаннан кейін, күдіктілер байланысқа шықпай қойған.

Қылмыстық істі тергеу барысында елорда киберполиция қызметкерлері алаяқ көрсеткен шоттардың бірінің иесін және оның орналасқан жерін анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полицейлер ұсталған азаматтың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты