Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында 12 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Абай облысында 12 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Абай облысында 12 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық ісіне күдіктіні қолға түсірді.

Оқиға 2016 жылдың сәуір айында басталған. 45 жастағы кәсіпкер полицияға арыз түсіріп, өзін таныс адамының алдап кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, 59 жастағы азамат сеніміне кіріп, бірлескен кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы ұсыныс жасаған. Осы сылтаумен кәсіпкерден 12 миллион теңге көлемінде ірі соманы алып, кейін қайтармаған.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Алайда, ұрланған ақшаның сол уақытқа дейін жұмсалып кеткені анықталды.

Полицейлер қылмыстық іс бойынша қажетті дәлелдерді жинап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды қаржылық мәселелерде мұқият болуға және күмәнді мәмілелерден сақтануға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді