Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2 миллион теңге жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада екі миллион теңге жымқырған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.


27 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық дерегіне қатысты арыз түсірген болатын.


Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың тамыз айында бір әйел облыс орталығының шағын ауданында қолжетімді баспана алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ол әйелдің тұрғын үй құжаттарын жедел рәсімдеп беретіндігіне сеніп, оған үш миллион теңге көлемінде ақша төлеген. Көп ұзамай жәбірленуші ешқандай нәтиже көрмей, ақшасын қайтаруды талап етеді. Содан кейін алаяқ әйел оған бір миллион теңге қайтарып, қалған ақшасын бермей қашып жүрген.


Қызылорда қалалық ПБ қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 57 жастағы тұрғыны құрықталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол өзі жасаған іс -әрекетін толығымен мойындады.


Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті