ШҚО тұрғыны бизнес ашайық деген сылтаумен танысын 23 миллион теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер басқа облыс тұрғыны құрбан болған, ірі алаяқтық фактісін анықтады.
31 жастағы шығысқазақстандық танысына бірігіп чипсы сататын бизнес ашайық деп ұсыныс тастап, мол табысқа жетеміз деп уәде берген. Осылайша, алаяқ серіктесін аталған бизнеске 23 миллион теңге көлемінде қомақты қаражат салуға көндірген.
Алайда, ойлағандай жоба іске аспай, оның орнына күдікті ақшаны иемденіп, байланысқа да шықпай, жоғалып кеткен.
Тергеу барысында күдікті ұсталып, жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде, ал ер адамға қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция азаматтарды сақ болуға және қаржылық келісімдер жасамас бұрын немесе бір жерге қаражат салмас бұрын барлық ақпаратты мұқият тексеріп алуды сұрайды.
Әсіресе, күдік тудыратын тиімді шарттар ұсынған адамдармен келісім жасауда қырағылық таныту өте маңызды.