Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда айлалы алаяқ қарапайым азаматтардың есебінен 35 миллион теңгеге байыды

Алматыда ірі көлемдегі алаяқтықпен айналысқан азамат ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.


“Біздің басқарманың тергеу бөлімі ірі көлемдегі алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Заңсыз әрекеттерді Түркістан облысының тумасы 1987 жылы туған К. есімді азамат жасаған. Күдіктінің 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтен адамдардың қаражатын заңсыз түрде ірі көлемде иемденіп алғаны анықталды.Күдікті пайдакүнемдік мақсатпен өз таныстары мен достарының арасында Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарына түсіруге мүмкіндігі бар екенін, келесі бір таныстарына мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алуға көмектесе алатынын, басқаларға жер учаскесін алуға ықпал ете алатыны туралы қауесеттер таратқан. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 35 миллион теңгеден асады. Олардың үшеуі полицияға шағым түсірді”, – деді Алмалы ауданы Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.


Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3- бөлімі (Ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Алматы қаласының ПД осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды:


8 (705) 771-13-71

8 (702) 333-42-64

8 (775) 106-18-84


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды