Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғындары мемлекеттен баспана алып береміз деген алаяққа 45 миллион теңге беріп қойған

Алаяқ әйел астаналықтарды мемлекеттік баспана алып берем деп алдап кеткен. Жәбірленушілер 45 миллион теңгесін беріп қойған. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Астана қалалық Полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқ әйел астаналықтарды мемлекеттік тұрғын үй алып беремін деп алдап кеткен. Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы әйел ұсталды. Әйелдің Астана қаласының екі тұрғынынан 45 миллион теңге ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды.

"Мемлекеттік органның бұрынғы қызметкері болғандықтан және көптеген байланыстарына сілтеме жасай отырып, ол елорда тұрғындарына ақылы түрде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген. Күдікті жәбірленушілерден жалпы 45 миллион теңге болатын сыйақыны бөліп алған. Сонымен бірге, әйел олардың әрқайсысына екі пәтер алуға кепілдік берген", – делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында. 

Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы бары анықталды. Полицейлер атап өткендей, бұл қылмыс мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, жазаланады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда