«Арғымақ» ат спорты кешені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтудың бірегей әдісі-иппотерапияны белсенді дамытуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту бойынша сабақтарды аккредиттелген ұйымдарда оқыған оңалту дәрігерлері, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар жүргізеді.Нысан емдеу-оңалту жұмыстарын (иппотерапия) жүргізуге арналған, мұнда балалар мен ересектерге атқа мінуге үйретіледі, спорттық, спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырады.Мұнда 20 жылқы бар, олардың 10-ы сауықтыру шараларына белсенді қатыстырылады. Әр ат иппотерапияға қатыстырылатын күнделікті уақыты екі сағаттан.Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, бүгінде иппотерапияны пайдалана отырып, медициналық оңалтуды ұсыну регламенті әзірленіп, бекітілді.Ол медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, балалар тізімін қалыптастыруды, сондай-ақ жұмысты жүйелеуді және қызмет көрсету тәртібін қамтиды. Бұдан басқа, регламент шеңберінде оңалтудың жеке жоспарлары мен бару кестелері жасалады.Сондай-ақ Ерлан Каналимов иппотерапия бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін «Жансая» және «Нұрлы жүрек» орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.