Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда әкімі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қандай жағдайлар жасалып жатқанын айтты

Елордада оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейтілді. Елорда әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау жұмыстарын жүйелі негізде жүргізіп жатыр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту үшін жағдай жасауға ерекше назар аударамыз. Мысалы, биыл жазда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтермен қатар медицина қызметкерлері де балалармен айналысады. Бұл баланың физикалық, психикалық даму ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, баланың жеке басын жан-жақты қалыптастыру, балалардың мектепке дайындығын қамтамасыз ету. Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог және т.б. кабинеттер бар", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Қала аудандарында 29 "Үйдегі дәрігер" нысаны ашылды, инватакси саны 2 есеге артты. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында "қадамдық қолжетімділік" қағидаты бойынша балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталықтар және т. б. ашылады.

Бұдан басқа, өткен жылы елордада БЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды, мысалы, "Асыл Мирас" жаңа аутизм орталығы (Уәлиханов көшесі) аутистік спектрдің аурулары бар балаларды 50%-ға көбірек қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жоба Б.Өтемұратов қорымен бірлесіп іске асырылды. Сол үйде тағы бір оңалту орталығы БЦП, аутизм диагнозы және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысады.

№ 1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен "Самұрық-Қазына" қолдауымен өткен жылдың күзінде "Қамқорлық" оңалту орталығы ашылды. Бұл БЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі