Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Келесі оқу жылынан бастап еліміздің колледждері педагог-ассистент дайындай бастайды

Келесі оқу жылынан бастап еліміздің колледждері педагог-ассистент дайындай бастайды
Фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және мектептерде инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мұндағы маңызды қадамның бірі - педагог-ассистент мамандарын даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру есебінде (ПМПК) ерекше білім беруді қажет ететін 203 мың бала бар. Олар 496 арнайы білім беру ұйымдарында оқиды. Білім беру ұйымдарында инклюзивті орта қалыптастыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін балабақшалардың 69%-да, мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1071 арнайы жасақталған кабинет жұмыс жасайды.   
«Еліміздің мектептерінде «педагог-ассистент» лауазымы енгізіліп, мамандар саны бір жылда 1000-нан 2,5 мыңға дейін артты. Педагог-ассистент лауазымын мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс жасайды. Мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, келесі оқу жылынан бастап еліміздің колледждерінде «педагог-ассистенттер» дайындау қолға алынуда», - дейді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева. 
Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім алу жағдайын жақсарту және білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі