2021 жылы 190 астам ШҚО тұрғыны бағдарлама аясында аталған қызмет түрін алды. Бұл туралы Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Жыл басынан бері ӘМСҚ медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтті. Күндізгі стационар, ауылдық, мектеп медицинасы мен балалар денсаулығын қорғау, онкогематологияны дамытуды қаржыландыруды ұлғайтты.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту бойынша «Аңсаған сәби», ЭКҰ квоталарын ұлғайту бойынша «Қамқорлық» бағдарламалары толық қаржылық қолдауға ие болды. Бұл туралы ӘМСҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Ғалымжан Әбілов хабарлады.
«2021 жылға арналған халыққа медициналық көмек көрсету бойынша бюджет шамамен 120 млрд теңге, оның ішінде мемлекет кепілдік берген медициналық көмек көлемі 72,6 млрд теңге және МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтерге 47,2 млрд теңге қарастырылды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджет 52 пайызға орындалды.
Халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің саны артты. Емхана деңгейінде консультациялық-диагностикалық көмек көлемі 63 %ға ұлғайды. Бұл сақтандырылған халық үшін кезекті сәл қысқартуға және тегін тексерулерге жылдам жолдама беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа медициналық технологияларды қолданумен хирургиялық араласулар санының өсуі байқалады», - деді Ғалымжан Әбілов.
Жалпы, облыс бойынша 6,4 млрд теңгеге 3,7 млн қызмет көрсетілді. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 1 млн-ға артық. Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында қордан 33 мыңнан астам КТ, МРТ, 162 мың скринингтік зерттеу қызметі қаржыландырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері облыстың медициналық ұйымдарында қор қаражаты есебінен 197 операция жасалды.
Ведомство медициналық оңалтуды дамытуды, амбулаториялық деңгейде ынталандыруды жалғастыруда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша амбулаториялық-емханалық деңгейде 644 млн теңге сомаға 527 мыңға жуық оңалту қызметі көрсетілді.