Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да балаларды оңалту орталығы ашылады

СҚО-да балаларды оңалту орталығы ашылады
Фото: СҚО әкімдігі

Жақында Петропавлда перинаталдық орталық базасында ерте араласу орталығы ашылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңа орталықта облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов болды. Орталықты күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінді, ал  «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Мұнда әртүрлі патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балалар соңғы технологияларды қолдану арқылы оңалтудан өтеді. Орталықта оңалтуға арналған 15 төсек орын бар. Күндізгі стационарда жыл сайын 360 бала оңалтудан өтеді.

Әр баланың жеке жоспары болады. Көмекті невропатолог, реабилитолог, педиатр, невролог, эрготерапевт, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектолог мен логопед мамандары көрсетеді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» бастамасы аясында облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығын жаңғырту жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру ортаға ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеуге және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін  ұлғайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі