Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мажарстанда «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме ашылды

Мажарстанда «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мажарстанның Карцаг қаласында Алматы қаласы музейлер бірлестігі ұйымдастырған «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеге келушілерге 200-ден астам бірегей экспонат ұсынылды, оның ішінде Абай Құнанбайұлының домбырасы, XIII ғасырдағы күміс тиындар, зергерлік әшекейлер, жүннен тоқылған кілемдер және ат әбзелдері бар. Бұл заттар қазақ халқының бай мұрасы мен мәдениетінен сыр шертеді.Көрме үлкен қызығушылық тудырды, себебі Мажарстан аумағында қазақ даласынан көшіп барған қыпшақтардың ұрпақтары тұрады. Көрмеге келгендер халықтар арасындағы мәдени байланысты атап өтті.

«Көрме ортақ дәстүрлерімізді айқындап, жастарға халықтарымыздың туыстығы туралы мағлұмат береді», – деп Карцаг қаласының тұрғыны Шандор Бене әсерін айтты.

Экспозиция 20 қарашаға дейін жалғасады және дәстүрлі тұрмыстық заттардан басқа, Алматының заманауи сұлулығын бейнелейтін фотосуреттер де көрсетіледі. Көрмені Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тамашалады.Бұған дейін Алматы музейлері Австрияда, Италияда, Түркияда және Оңтүстік Кореяда көрме ұйымдастырған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады