Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытайда Ұлттық музейдің көрмесі ашылды

Қытайда Ұлттық музейдің көрмесі ашылды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылдың 30 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қытайдың Мәдени жәдігерлер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ашылу салтанатына Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Айбек Сыдықов, партия хатшысы және Қытайдың мәдени жәдігерлер орталығының директоры Тан Пин, Тяньцзинь музейінің директоры Яо Ян, сондай-ақ Тяньцзинь қаласы басшылығының, мәдениет және туризм басқармасының, Тяньцзинь халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасының өкілдері қатысты.

«Алтын адам және Ұлы дала» көрмесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорынан 185 бірегей экспонат қойылған. Көрме үш тақырыптық блокқа бөлінген. Олардың әрқайсысы қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің дамуының әртүрлі аспектілеріне арналған.
Экспонаттар арасында ерте темір дәуірінің артефактілері, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстанның ортағасырлық қалаларынан табылған заттар, сондай-ақ дәстүрлі зергерлік бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер заттары бар.

Көрме 2025 жылдың 12 ақпанына дейін жалғасып, Тяньцзинь тұрғындары мен қонақтарына Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысуға бірегей мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді