Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп танылды

Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп танылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп танылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы музейлер бірлестігі ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Best Museum of the Turkic World жоғары марапатына ие болды. Бұған елімізбен бірге шетелде тарихи-мәдени мұраны насихаттаған музей қызметкерлерінің арқасында қол жетіп отыр ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев соңғы екі жылда Алматы музейлері Стамбул, Прага және Сеул сияқты қалаларда көрмелер ұйымдастырып, ауыз толтырып айтарлықтай оң қадам жасағанын атады.
«Алматы музейлері соңғы екі жылдың өзінде үлкен жұмыс атқарғанын көріп отырмыз. Түркі елдерінің ғана емес, Еуропа мен Азияның тұрғындары қазір Алматы қаласы ұйымдастырған бірегей көрмелерді көре алады. Мысалы, Стамбул, Сеул, Прага, Неаполь, Вена және әлемнің басқа қалаларында Қазақстан көшпенділері туралы көшпелі көрмелер өткізілді. Өнер мен тарихқа әуестенушілер сіздер ұсынған жәдігерлер мен артефактілерге таң қалысты. Осылайша, сіздер қазақ мәдениетін шетелде белсенді түрде насихаттап, еліңізге туристерді тартасыз және түркі әлеміндегі музейді зерттеу саласындағы қызметті дамытып келесіздер. Қала билігі сала өкілдеріне бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп жатқанын көріп отырмыз», - деді Сұлтан Раев марапаттау барысында
Сондай-ақ, музейтанушылар қала әкімдігінің қолдауымен әлемнің жетекші музейлерінде тағылымдамадан өтті. Халықаралық көрмелер өткізіп, серіктестік туралы көптеген меморандумға қол қойды.Музейлер бірлестігінің құрамына Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Ахмет Байтұрсынұлының музей үйі, тарихи музей және т.б. кіреді. Қала әкімінің тапсырмасымен мектеп жасындағы балаларға музейге кіру тегін.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді