Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Баку тұрғындары қазақ мәдениетімен танысуда

Баку тұрғындары қазақ мәдениетімен танысуда
Фото: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Әзербайжан Ұлттық кілем музейінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ұйымдастырған «Өрнекпен өрілген өнер» атты этнографиялық көрме басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Көрме коллекциясы 40-тан астам жәдігерлерден тұрады, олардың арасында кілем-киіз бұйымдары, шаруашылық және тұрмыстық заттар, киім-кешек, ат жабдықтары және қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің көпқырлылығын көрсететін басқа да ұлттық бұйымдар ұсынылған.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Әзербайжан Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, Әзербайжан Ұлттық кілем музейінің директоры Ширин Меликова, ТҮРКСОЙ музейлер одағының бас үйлестірушісі Джавид Мовсумлу, дипломатиялық корпус өкілдері, Әзербайжанда оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар, Баку тұрғындары қатысты.

Әлім Байел соңғы кезеңде Қазақстан мен Әзербайжанның саяси, экономикалық және көлік-логистикалық салаларындағы қарым-қатынастары қарқынының едәуір артқанын атап өтті. Бұл ретте Елші екі халық арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың ерекше маңыздылығына назар аударды.

Қазақстандық және әзербайжандық музейлердің басшылары
Р. Зарипова мен Ш. Меликова көрменің тұжырымдамасы мен түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау тұрғысынан іс-шараның маңыздылығы туралы айты. Өз кезегінде Д. Мовсумлу іс-шараның ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдығымен қатар өткізілуі түркі халықтарының мәдениеттерін жақындастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара барысында Әзербайжан көне аспаптар ансамблі мен қазақ ұлттық бишілері өнер көрсетті. Көрме 2023 жылдың 18 қазанына дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді