Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда жолда толғағы қысқан әйелді полицейлер перзентханаға жедел жеткізді

Қостанайда жолда толғағы қысқан әйелді полицейлер перзентханаға жедел жеткізді
Фото: polisia.kz

Қостанайда жолда толғағы қысқан әйелді полицейлер перзентханаға жедел жеткізді , – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция ротасының инспекторлары Еркін Төлегенов пен Ержан Албатыров босанайын деп жатқан әйелді ауруханаға жылдам әрі кедергісіз жетуін қамтамасыз етті. Полицейлер қызметтік көліктің жарқыраған шамдарын қосып, толғағы қысқан әйел отырған көлікті перзентханаға дейін алып барды.

– Мен, серіктесім екеуміз экипаж құрамында қызмет атқардық. Қостанайға кіре берістегі А-22 автожолының шамамен 10 шақырымында бізге ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі келіп, көлікте жұбайының толғағы қысып жатқанын хабарлады. Көп ойланбай, біз жарқырайтын шамдарды қосып, олардың кедергісіз жүруін қамтамасыз еттік, – деді Еркін Төлегенов.

6 минуттан кейін, ауруханаға аман-есен жеткізілген әйел дүниеге қыз алып келді. Полицейлерге бұл қуанышты жаңалықты әкесі хабарлады.

Белгілі болғандай, ата-аналар Рудныйда тұрады. Дүниеге келген қыз – олардың отбасындағы 8-ші бала.

– Егер полицейлер болмағанда, салдарын елестетудің өзі қиын. Айта кетейін, менің толғағым қысып, күйеуім екеуміз Қостанай перзентханасына жолға шықтық. Жол бойында біз полиция қызметкерлерін кездестірдік. Күйеуім оларға жақындап, перзентханаға тезірек жетуге көмектесулерін сұрады. Полицейлер өтінішімізді жерге тастамады. Қазір сәби екеуміз ауруханада жатырмыз, бәрі жақсы. Жоғарыда аталған қызметкерлерге тағы да шын жүректен алғыс айтамын! Жаратушы иеміз сіздерді және сіздердің отбасыларыңызды жамандықтан сақтасын! Егер сіздер болмағанда жағдайдың қалай аяқталатыны белгісіз еді, – деп жазба қалдырған әйел өз алғысын білдірді.

Қазіргі таңда, көп балалы ана нәрестесімен өз үйінде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді