Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент полицейлері толғағы келген әйелді перзентханаға жеткізді

Шымкент полицейлері толғағы келген әйелді перзентханаға жеткізді
Фото: polisia.kz

Шымкент полицейлері толғағы келген әйелді перзентханаға жеткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысында қызмет атқарып тұрған 881 автоэкипаж қызметкерлерінен белгісіз ер адам көмек сұрады. Өзін Түркістан облысының тұрғынымын деп таныстырған ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын жеткізді.

Қарбалас сәтке тұспа-тұс келген ерлі-зайыпты қаланы мүлдем білмейтінін айтқан. Жедел-жәрдем шақырса уақыт жоғалтатынын бірден түсінген полицейлер көлікті сүйемелдеп алып жүру арқылы Нұрсәт мөлтек ауданындағы перзентханаға жеткізді.


– Қиын кезде қол ұшын созған полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Келіншегім мен баламның өмірін бір қауіптен аман алып қалды. Біреудің басына түскен іске бей-жәй қарамай, адамгершілік танытқандарыңыз үшін рақмет, – деп ризашылығын білдірді әке.

Ал азаматтарға қол ұшын созған Мұсахан Умералиев пен Бақберген Жазықбай мұндай жағдай кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін және қолдан келсе көмектен аянып қалмайтынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі