Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік ішінде балалар болған: ақмолалық полицейлер түнде жолда тұрып қалған жүргізушіге көмектесті

Ақмолалық полицейлер түнде жолда тұрып қалған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің ведомстволық парақшасына Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны жазды.

Ер адам 14 қараша күні кешкі уақытта әпкесі мен оның төрт айлық баласын елордалық ауруханадан алып келе жатқанын айтты. Салонда жүргізушінің әйелі, әпкесі және оның екі баласы болған.

Ер адамның айтуынша, ол көлікті жақында сатып алған және “қосалқы дөңгелегін” әлі қолданбаған.

– Нұр-Сұлтан-Щучинск автожолының 247 шақырымында Көкшетау қаласына қарай бара жатқан кезде түнгі сағат 03:00-де оның автокөлігінің дөңгелегі тесіліп қалған. Қиын жағдайға тап болған жүргізуші абыржып қалды, өйткені көлікте екі бала мен әйелдер болды, ал сыртқы ауа температурасы нөлден төмен. Бақытымызға орай, осы уақытта Ақмола облысы ПД БПП взводының қызметкерлері Қуаныш Үмбетов пен осы жол учаскесін патрульдеген Аслан Беков көмекке келді, – деп атап өтті полицияда.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні Щучинск қаласына жеткізді, онда дөңгелектері алмастырылды. Полицейлердің арқасында тұрғындар Көкшетауға аман-есен жетті.

Айта кетейік, Марат пен оның жұбайы екеуі де дәрігер, отбасы полицейлерге алғыстарын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты