Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

Жетісу облысының Алакөл ауданында жүкті әйелді ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті. Дәрігерлерге полицейлер көмекке келді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оқиға 8 қараша күні Алакөл ауданында, Алматы – Өскемен тас жолында болған. Полицияның айтуынша, Қабанбай ауылынан толғатып жатқан жүкті әйелді дәрігерлер Үшарал қаласына жеткізбек болған. Бірақ жолда көліктің төменгі бөлігінде өрт шығып, жедел жәрдем діттеген жеріне жете алмайды. Абырой болғанда жақын жерде республикалық жолдың аталған учаскесін бақылайтын полиция автопатрулі тұрған. Олар толғатып отырған әйелді шұғыл түрде перзентханаға жеткізді.

"Біздің қызметкерлері Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов жүкті әйелді дереу полиция патруліне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді, онда әйелге қажетті көмек көрсетілді," – деді Жетісу облысы ППБ бастығының орынбасары Абылай Беркендіков.

Жедел жәрдем қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыстарын білдірді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді