Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылық әйел ​​патрульдік көлікте босанды

Қарағандылық әйел ​​патрульдік көлікте босанды
Фото: zakon.kz

23 ақпанда Қарағанды қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің жасағы – инспекторлар Медет Төлегенов пен Берік Кеңесов Жаңа-Майқұдық секторында қоғамдық тәртіпті бақылау үшін қызметте болған, деп хабарлайды kazlenta.kz Zakon.kz. сайтына сілтеп.

Медет Төлегеновтың айтуынша, ол серіктесімен үйдің кіреберісінде тұрғанда оларға ер адам жақындап, көмек сұраған.

"Ер адам жүкті әйелін арнайы көлікпен фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізуді өтінді. Әйелдің суы кеткен, босанайын деп тұр. Біз дереу әйелді алдыңғы жолаушы орындығына, ал жолдасын артқы жағына мінгіздік. Бір кезде әйел толғағы басталғанын айтып, тоқтауды өтінді", — деді инспектор.

Полицейлер жағдайды бірден түсініп, әйелге медицина көмегін көрсеткен. Біраз уақыттан кейін қызметтік көліктің салонында жүкті әйел аман-есен қызды дүниеге әкелді. Сосын патруль қызметкерлері анасын жаңа туған нәрестемен бірге акушерлік-гинекологиялық орталықтың қабылдау бөліміне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырған.

Медицина мекемесінің қызметкерлері полицияға жедел әрекет еткені үшін алғысын білдірді.

2022 жылдың 7 қыркүйегінде Алматы облысында Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдік көлікте босанған әйелді сәбиімен Қаскелеңдегі медицина мекемесіне жеткізгені хабарланған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты