Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2024 жыл - Ақтау: Парижде түркі елдерінің мәдени астаналары таныстырылды

2024 жыл - Ақтау: Парижде түркі елдерінің мәдени астаналары таныстырылды
Фото: wikimedia

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді. Шарада ұйымға мүше 7 елдің әртістері өнер көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ ТҮРКСОЙ халық аспаптары оркестрі Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Түрікменстанның музыкалық мұрасынан танымал туындыларды орындады. Қазақтың әйгілі "Қара жорғасы" мен Латиф Хамидидің "Бұлбұл" шығармасы да назардан тыс қалмады. Шара аясында түркі елдерінің мәдени астаналары таныстырылды. Ал Қазақстандағы астана – Ақтау қаласында ауқымды іс-шаралар келер жылы жалғасын табады, - дейді ЮНЕСКО бас директорының орынбасары Энтони Охеменг. Оның сөзінше, ТҮРКСОЙ-дың мерейтойын Парижде атап өту ұйымның түркі елдерінің мәдени мұрасын дәріптеп, бейбітшілікті нығайтуға қосқан зор үлесін мойындаумен пара-пар, деп хабарлайды 24kz.

"Меніңше, бұл ЮНЕСКО ұйымы үшін өте маңызды. Бірнеше ел тоғысқан құрылымның мәдени құндылықтарын дәріптеп, елдер арасында ынтымақтастықты арттырудағы үлесі орасан. Әсіресе біз өмір сүріп жатқан қоғамда ел мен елді, халық пен халықты байланыстырып, руханият пен мәдениетті насихаттау үлкен маңызға ие".ЮНЕСКО бас директорының орынбасары Энтони Охеменг-Боама


"Білесіздер, ТҮРКСОЙ ұйымы әлемге түркі елдерінің мәдениетін паш етуге ұмтылады. Бүгінгі шарада әр елдің құнды мұрасы құнтталып, мәдениет пен руханияттағы өзіндік орны айшықталды. Бұл орайда ұйым әлем халықтарын түркі жұртының дәстүр-мәдениетімен таныстыруға әлде де күш жұмсап, зор үлес қосатынына сенімдіміз. Флоранс Вивьен, «Galaxy Art» көркемсурет галереясының жетекшісі: - Концерт әр елдің дәстүр-мәдениетін білуге, қалыптасу кезеңімен танысуға мүмкіндік берді. Өйткені біздер, француздар, руханият пен мәдениеттің маңызын жіті түсіне бермейміз. Ал бұл құндылықты түркі елдерінің сахналауы біз үшін қызықты болды".ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты