Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент белгілі мемлекет қайраткері Икрам Адырбековті қабылдады

Президент белгілі мемлекет қайраткері Икрам Адырбековті қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында былтыр қараша айында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммитінде Қазақстан тарапы Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде ұсынған «Түркі дәуірі!» («TURKTIME!»)  бағдарламасының басты бағыттарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдес мемлекеттердің мәдени, рухани, тарихи, саяси-экономикалық салалардағы байланыстарын нығайту қажет екенін айтты. Бұл ретте Мемлекет басшысы университеттердің филиалын ашу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ортақ құндылықтарды дәріптеу, сонымен қатар қаржы, жасанды интеллект, IT және аэроғарыш өнеркәсібі секілді экономиканың басым бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына баса назар аудару керектігін атап өтті.

Өз кезегінде Икрам Адырбеков Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы, бүкіл түркі халықтарына ортақ тарихи шаһар ретінде дамыту үшін атқарылуға тиіс шаралар туралы ой-пікірімен бөлісті.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесі бауырлас халықтардың өзара ықпалдастығын арттыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты