Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарасора: заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қарасора: заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Маусым айының басында “Қарасора” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кең ауқымды операцияның негізгі мақсаты – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен, сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын адамдарды анықтау.

– Тамыз-қыркүйек айларында есірткіні заңсыз жинау және дайындау ықтималдығы артады. Себебі бұл кезде есірткі өсімдіктері өсіп жетіледі. Сондықтан операцияның ең белсенді кезеңі басталды. Жедел топтар осындай өсімдіктер өсірілетін аймақтарға мониторинг жүргізіп, арнайы рейдтік іс-шаралар өткізеді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында тікұшақ техникасы, пилотсыз ұшу аппараттары қолданылады, “Бүркіт” жауынгерлері жұмылдырылады. Әуе арқылы барлау жүргізіледі.

Алматы және Жетісу облыстарының аумағында 20 реттен астам тікұшақ арқылы барлау жүргізілді. Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарының аумақтары да әуе арқылы тексерілді.

Ұшу нәтижесінде жалпы салмағы 1,2 тонна болатын 9 мыңнан астам қарасора бұтасы және салмағы 250 кг көкнәр өсімдігінің 4 мыңға жуық бұтасы тәркіленді. Қылмыс орнында 14 есірткі дайындаушы ұсталды, оның ішінде біреуі іздеуде жүрген.

Операция барысында 450 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 106 өткізу фактісі, 77 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 43 контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 102 фактісі.

Тек “Қарасора – 2024” операциясы кезінде заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 1,3 тонна марихуана мен 29 кг гашиш.

– Алматы облысы Балқаш көлі маңында 7 есірткі дайындаушыдан тұратын адамдар тобы ұсталды. Оларда 5 мыңнан астам қарасора бұталары бар ірі есірткі плантациясы табылды. Негізгі күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге ұзақ дайындалғанын айтып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Көздегеніне жету үшін ол өз үйін сатып, түскен қаражатқа қажетті жабдықтар мен өсімдік тұқымдарын сатып алған. Бұл үшін ол 10 млн теңгеден астам ақша жұмсаған. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа сыбайластарын шақырған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті