Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 2 тоннаға жуық есірткі алынды

Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 2 тоннаға жуық есірткі алынды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында “Қарасора – 2023” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 2 тоннаға жуық есірткі алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың маусым айынан бастап республика көлемінде “Қарасора – 2023” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл қазан айының 31 жұлдызына дейін жалғасады. Аймақтағы ахуал жайында Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Дуненов тарқатып айтып берді.

– Қызылорда облысының полиция департаментінен іс-шараны жүргізуге барлығы 212 қызметкер, 21 автокөлік техникасы, бір дрон және жергілікті әкімдіктен алты дрон аппараты жұмылдырылды. ҚР ІІМ Ұлттық Ұланынан 20 сарбаз, бес автокөлік бөлінді, сондай-ақ әуеден шолу жүргізу үшін әскери тік ұшақ жұмылдырылды. Мониторинг барысында барлығы 6 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 2 есірткі өткізу және 55 есірткі өсіру дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 тонна 890 келі есірткі заты алынды, – деді Ардақ Әбішұлы.

Айта кету керек, іс-шараның мақсаты – есірткіге еліткендерді анықтау, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіп-баптауының алдын алу, героин трафигін жою. Сонымен қатар жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты