Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да “Subaru Legacy” көлігінің жүксалғышынан 5 келі марихуана тәркіленді

СҚО полицейлері жыл басынан 195 есірткі қылмысын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналым фактілерін анықтау, жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу — “Қарасора” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында СҚО полицейлері алдарына осындай міндеттер қойды. Кең ауқымды жұмыс 1 маусымнан 31 қазанға дейін созылды. ЖПІШ шеңберінде барлығы 125 заң бұзушылық, оның ішінде 47-і есірткіні сату, өткізу фактісі анықталды, полицейлер бұлармен күресуге ерекше назар аударады.

<!--more-->Мәселен, операцияның алғашқы күндерінде Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде мақсатты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлер оның “Subaru Legacy” көлігінің жүксалғышынан бес келі марихуана салынған полимер пакет тәркіледі. Ұсталған азамат екі жыл бойы есірткі қолданып, сатқанын мойындады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 20 қыркүйек күні соттың үкімімен ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

– “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 295,5 кг. астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, – дейді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Жыл басынан СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі бизнесі саласында 195 түрлі қылмысты анықтады. Оның ішінде есірткіні өткізудің 49 фактісі, 15-тен аса ірі көлемде сақтау фактісі. 409,5 кг есірткі тәркіленді, оның 4,2 кг-нан астамы “синтетика” және 4,1 кг гашиш.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады