Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысының полицейлері 240 келіден астам есірткі тәркіледі

Жетісу облысының полицейлері 240 келіден астам есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жетісу облысының полицейлері 240 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Жетісу облысының полицейлері есірткіге қатысты 142 құқық бұзушылықты анықтады.

Заңсыз айналымнан 143 келіден астам гашиш, марихуана және синтетика тәркіленді. Есірткінің негізгі бөлігі маусым айының басынан бері жалғасып келе жатқан “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шара аясында тәркіленді.

– Іс-шара барысында (соңғы төрт айда) полиция есірткінің заңсыз айналымына байланысты 70 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен айналысатын 11 есірткі сатушы мен 12 адам ұсталды. “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 240 келіден астам түрлі есірткі заттар тәркіленді, – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Есірткіге қарсы күресушілер бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті мәселе есірткінің синтетикалық түрлерінің таралуы екенін атап өтті. Есірткі сатушылар интернет-кеңістігінде әртүрлі мобильді қосымшаларды қылмыстық мақсатта қолдана бастады, бұл оларды анықтауды қиындатады.

– Біздің бөліністің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау бойынша мақсатты жедел шараларын жүргізіп жатыр. Ұйымдастырылған қылмыстық топтар, сондай-ақ облыс аумағына есірткі жеткізу арналары анықталады. Сонымен қатар осындай мәселелерде белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды тартуға тырысатын профилактикалық жұмыстарға аса көңіл бөлініп жатыр, – деп атап өтті облыстық ЕҚІҚБ жедел уәкілі Меруерт Ысқақова.

Өңірде халықты, әсіресе жастарды салауатты өмір салтына шақыратын үгіт-насихат топтары құрылып, жұмыс жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді