Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда сатып алынған үш көліктің екеуі - отандық көлік

Елімізде бір жылда 75 мың көлік шығарылды. Оған барлық типтегі көлік құралдары: автомобильдер, жүк көліктері, автобустар, арнайы техникалар кіреді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Жалпы, машина жасау саласындағы автомобиль шығару секторының үлесі 2019 жылғы 26,3% болса, 2020 жылы 33,4%-ке жетті.


Өңдеу өнеркәсібінде автомобиль жасау үлесі 4,6% дейін өсті (2019 жылы-3,2%).


Жақын шетелдерге 8 122 автомобиль экспортталды. Бұл арғы жылдың көрсеткішінен 3 есе көп. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстанда Қазақстанда шығарылған Hyundai, Chevrolet және JAC брендтеріне сұраныс жоғары.


2020 жылы еліміздің азаматтары 93 мыңнан астам жаңа техника сатып алып, арғы жылдың көрсеткішінен 25% асып түсті (75 156).


Осы ретте елімізде сатып алынған үш автомобильдің екеуі отандық өндіріс өнімі екенін айту керек.


Өткен жылғы ең танымал брендтер Hyundai, Chevrolet және Toyota болды. Ең танымал бес брендтің төртеуі отандық өндіріс өнімі (Hyundai, Chevrolet, Ravon және Lada).


2020 жылы автомобиль өнеркәсібінде қол жеткізілген табысты көрсеткіштерге Үкімет пен Министрлік тарапынан қабылданған және отандық зауыттар іске асырған нақты шешімдер оң әсер етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды