Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты

Телекөпір форматында өткен зауыттың ашылу салтанатына Корея Республикасының сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо, Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, «Hyundai Motor Company» президенті Ли Вон және «Astana Group» президенті Н.Смағұлов қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Зауыт әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологиялары мен экологиялық стандарттар талаптарын ескере отырып салынған.

Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлікті, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікке дейін құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден асады. Шектес салаларды ескере отырып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Алдағы уақытта автокомпоненттер шығаратын зауыт ашу көзделген, бұл 51%-дан астам жергіліктендіруді қамтамасыз етуге және ТМД елдеріне экспортқа шығуға мүмкіндік береді.

«2020 жылдың 9 айында автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі 50%-дан астамға ұлғайды. Бұл сала жоғары білікті жұмыс орындарын ашуға және қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады