Талдау мәліметтеріне сай, Қазақстанда 12 мыңнан астам автобустардың тозығы жеткен, олардың жартысының күйі нашар, хабарлайды kazlenta.kz ҚР ИИДМ сілтеме жасай отырып.
Қоғамдық көлік сапасының ең нашар көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелген. Алматы қаласы мен Алматы облысында да статистиканың көрсеткіші нашар, мұнда ауаның ластануының негізгі үлесі көлік шығарындыларына тиесілі, ал парктер осыған дейін техниканы дизель отынымен сатып алған.
Қазақстанның қалаарасындағы және облысішіндегі тасымалдау мәселелері де күрделі жағдайда, олардың бағыттарында 30 жылдан асқан және одан да ескі техниканы жиі кездестіруге болады.
Өздерінің парктерін белсенді жаңарту бойынша алдыңғы қатарлы қалалар Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақмола облысы болып табылады. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстары да ауқымды жаңартуды кейінге қалдырған жоқ.
Мәселен, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өңірде жыл соңына дейін 275 бірлік қоғамдық көлік жаңартылады.
Жолаушылар қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және еліміздің қалалары мен облыстарының экологиялық сақталуы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын отандық автобустармен қоғамдық көлікті жаңарту және жетілдіру жөніндегі бағдарламасының арқасында мүмкін болды.
Бүгінде елімізде автобустар мен электр автобустарын шығаратын бірнеше зауыт жұмыс істейді.
Шығарылатын техниканың көлемі бойынша Қостанайлық «СарыарқаАвтоПром» көшбасшы болып табылады, ол бүгінде 2413 бірлік техниканы өндірді. Биыл зауыт Yutong және Ankai автобустары мен электр автобустарының 713 бірлігін жеткізді.
Қазақстандағы алғашқы «Daewoo Bus Kazakhstan» қоғамдық көлік шығаратын зауыты негізі қаланған сәттен бастап 1613 бірлік техника шығарды. Ағымдағы жылдың алғашқы 8 айында кәсіпорын Daewoo маркалы автобусының 266 бірлігін шығарды.
Hyundai Trans Auto коммерциялық техникасын шығаратын зауыттың көлемі 1000-нан астам бірлікті құрайды. 2019 жылы зауыт 78 автобусты шығарып, Golden Dragon маркалы автобустарын шығара бастады. Бүгінде кәсіпорын қоғамдық көліктің шанақтарын дәнекерлеу және бояу бойынша цехтардың құрылысын жүргізуде, онда конвейерден электр автобустары мен троллейбустар шығатын болады.
Жақында Семейдегі «СемАЗ» зауыты өз өндірісін ұйымдастырды, ол биыл 160 ГАЗ және Dong Feng автобустарын шығарды.
Қалалық және өңіраралық қоғамдық көліктің баламалы отыны бар техниканың экологиялық таза түріне көшуінің әлемдік үрдісі бірте-бірте Қазақстанға да еніп келеді.
Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Павлодар және Ақтау қалаларында отандық электр автобустарының бағыттарын кездестіруге болады. Елдің көрікті орындары – Бурабай сияқты курорттық аймақтар да жақын арада экологиялық таза көліктің түріне ауысуы мүмкін.
Электр автобустарын дамытуды Сарань қаласында (Қарағанды обл.) салынып жатқан Yutong жолаушылар және арнайы техникасын шығаратын «QazTehna» зауыты қолдайды. Жаңа зауыт жылына шамамен 1200 бірлік автобус пен 400 бірлік арнайы техника шығаруды жоспарлап отыр.