Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Кемел» шағын ауданында апатты жағдайдағы көпірдің орнына жаңасы салынады

«Кемел» шағын ауданында апатты жағдайдағы көпірдің орнына жаңасы салынады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Кемел» шағын ауданының Есентай өзеніндегі апатты жағдайдағы көпірді Алматы әкімі Ерболат Досаев көріп шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметімен сілтеме жасап.

Оның жағдайына байланысты көпірдегі жол қозғалысы мамырдың соңынан бастап жабылды. 1960 жылдары салынған көпір ешқашан жөнделмеген әрі жарамсыз болып қалған. Бетон конструкциялары жартылай бұзылды, жарықтар пайда болды, беткейлерде топырақ шөгіп, оның кіреберісте үйінділер пайда болды. Сарапшылардың пікірінше, көпірді жөндеу мүмкін емес. Сондықтан берік және функционалды жаңа бір аралықты құрылымның жобасы жасалды. Ол бес метрге ұзын, биік және кең. Жаяу жүргіншілер үшін көпірдің екі жағында тротуарлар жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Шағын аудандардың тұрғындары үшін көлік байланысының маңыздылығын ескере отырып, Ерболат Досаев жұмысты қысқа мерзімде жүргізуді тапсырды.
«Бұл әлеуметтік маңызды нысан, көпірмен бірнеше автобус маршруты, соның ішінде мектеп маршруты жүреді. Сондықтан мейлінше қысқа мерзімде жол  қозғалысын қамтамасыз ету керек. Қажетті қаражат бөлінеді, қозғалыс осы жылдың қазан айында ашылуы керек. Көпір ондаған жыл бойы халыққа қызмет ететіндей сапалы болғаны жөн», - деді қала әкімі.
Құрылыс жұмыстары біткенге дейін көлік иелері Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы аумақты айналып өте алады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді