Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда сейсмология орталығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді

Алматыда сейсмология орталығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және ұлттық ғылыми зерттеу орталығының ғимаратына барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, түйткілді мәселелерді тыңдады. 1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген, кейбір жабдықтар ескірген, сонымен қатар, маман тапшылығы мәселесі бар. 
«Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерге шамамен 2 млрд.теңге бөлінеді, бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді. Бұл орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды, сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс», - деді Ерболат Досаев. 
Орталық сейсмикалық қауіпті бақылау және бағалаумен айналысады. Сейсмологиялық бақылаулардың республикалық желісі бүкіл ел бойынша 70 станциядан тұрады. Мұнда жер қыртысының қозғалысы 160 түрлі өлшем бойынша бақыланады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады