Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда тұрғын үйлердің эстетикалық келбеті жақсартылып жатыр

Алматыда тұрғын үйлердің эстетикалық келбеті жақсартылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Наурызбай ауданында бюджет қаражаты есебінен 8 көпқабатты үйдің қасбеті жаңартылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл үйдің сыртқы келбеті жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Ауданда барлығы 579 көпқабатты тұрғын үй бар. Бұған дейін «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында бес көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жөнделген болатын. Алайда 1960-1980 жылдар аралығында салынған тағы он үйдің қасбетін жөндеу қажет. Жөндеу жүргізілетін үйлердің мекенжайы:- «Қалқаман» шағын ауданы, Жансүгіров көшесі, 31 және 33 үйлер;- «Ақжар» шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 162, 166 және 7 үйлер;- «Рахат» шағын ауданы, Көкдала көшесі, 10 және 17 үйлер;- «Таусамалы» шағын ауданы, Рысқұлов көшесі, 86. Жөндеуден кейін не өзгереді:Бұл ғимараттардың сыртқы келбетін жақсартумен қатар, ғимараттарды ылғалдан, көгеруден қорғайды, тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді. Бұған қоса, аудан аумағында бірыңғай сәулеттік стильдегі ақпараттық құрылыстар орнатылады, сондай-ақ ауданға бірегей әрі заманауи көрініс беретін көше жиһаздары мен муралдардың жаңа элементі пайда болады. 
Қайта құру биыл 30 қарашаға дейін аяқталады. Жобаның мақсаты – Наурызбай ауданының барлық тұрғыны үшін жайлы әрі тартымды қалалық орта құру.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты