Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте бюджет есебінен көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Шымкентте бюджет есебінен көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Шымкент қаласында жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арендалық 900 пәтер беріледі. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына да арендалық 505 пәтер беріледі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі құрылыс басқармасынан хабарлады.
Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, биылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арендалық баспана ретінде берілетін пәтерлерді бюджет қаржысына нарықтан дайын күйінде сатып алу тәжірибесі қолданысқа енгізіліп отыр. Мұндай шешім мемлекеттің тапсырысымен салынған тұрғын үйлердің сапасына байланысты халықтан арыз-шағымдардың көбеюіне байланысты қабылданған. Қазірдің өзінде Шымкентте жұмыс істейтін жастарға берілетін 450 пәтер мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына берілетін 363 пәтер сатып алынып үлгерген. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатып алынады.

Мұнан бөлек Шымкентте биыл мемлекеттік бюджет есебінен 4 306 пәтерлі 100 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 8-і арендалық баспана болса, қалған 92-сі кредиттік тұрғын үйлер. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы аумағы 136,7 мың шаршы метрді құрайтын 1 816 пәтерлі 36 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде бүгінгі таңға дейін 41,5 мың шаршы метр құрайтын 540 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Тағы 26 көпқабатты үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты