Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті
Фото: instagram/serik__mukhamediev

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің Instagram парақшасында бұл үйдің төбесі ешқашан жөнделмегенін айтты.

"Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр".

Серік Мұхамедиев

Әкімнің айтуынша, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдары салынған.

"Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмепті, үйдің жай-күйіне меншік иелері тарапынан тиісті назар аударылмаған".

Серік Мұхамедиев

Төтенше жағдайға байланысты әкім қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерге шатырларды қар мен мұздан тазартуды сұрады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты