Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент аудандарында "Халық қатысатын бюджет" жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Шымкент аудандарында
Фото: pixabay.com

Аталмыш бастаманың айғағы ретінде, Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үй 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби аудандарының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Нақтылап айтсақ, Әл-Фараби ауданына – 364 үй, Қаратау ауданына – 4 үйдің аулалары ауданға өтті.

Қазіргі таңда Еңбекші ауданы бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады. Бұрнағы жылы 41 көпқабатты үйдің 32 ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылған болатын. Ал былтырғы жылы 75 көпқабатты үйдің 42 ауласы абаттандырылып, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. Биыл 35 үйдің ауласы абаттандырылды және 4 жеке секторда балалар ойын алаңшасын құру жоспарланған.

Қазіргі таңда көпқабатты 25 үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 2 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында әкімдік тарапынан 2024 жылға 44 көпқабатты үйдің аулаларын  абаттандыру және жеке секторда 7 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнатуға сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді. Қалған абаттандыруды қажет ететін 39 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда.

Жергілікті тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жанданып отыр. Былтыр спорт алаңшалар саны 107-ге жеткен. Қала аумағында жаңа «Тұран» ауданының ашылуына байланысты Еңбекші ауданы аумағынан Әл-Фараби ауданы әкімшілік шекаралық аумағына 58 дана ашық спорт алаңшалары тапсырылды. Қазіргі таңда аудан аумағында 49 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан. 2022 жылы 6 спорт алаңша орнатылып, 5 спорт алаңшаны қайта құру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, қазіргі таңда 6 алаңшаларды орнату жұмыстары аяқталу сатысында, 1 алаңшаны құру  жұмыстары жүргізілуде. Ал 2024 жылы 11 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты