Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Қостанай облысы диқандарының көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдікпен несие беру мәселесін шешуді тапсырды

Серік Жұманғарин Қостанай облысы диқандарының көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдікпен несие беру мәселесін шешуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Ақтөбе облысына сапардан кейін вице-премьер Серік Жұманғарин 31 мамыр күні Қостанай облысына барды. Өңір шегірткенің таралу болжамы бойынша, аудан көлемі жағынан екінші орында тұр – 775,6 мың га, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ауа райының салқын болуына байланысты дернәсілдердің жаппай көбеюі белсенді кезеңге өтпегендіктен, әзірге Жангелді, Амангелді, Қамысты аудандары мен Арқалықта 1,9 мың гектар аумақта химиялық өңдеу жүргізілді.

Вице-премьер облыстың оңтүстік аудандарының бірі – Жангелді ауданында болып, шегірткеге қарсы күрес барысымен және техника, пестицид, басқа да қажетті құралдардың қолжетімділігімен танысты. 

Арқалық қаласында Серік Жұманғаринге «ҚМК-Агрохолдинг» ЖШС-нің 256 гектар алқапта жүгері өсіруге арналған суару жүйесінің жобасы таныстырылды. Жүйе биыл қолданыла бастайды. Бір жаңбырлатып суару қондырғысы 50 гектар жерге орнатылды, қалғаны биылғы маусым айында орнатылады.

Арқалықтың іргесінде орналасқан «Восточное ауылы» ЖШС егіс алқабында вице-премьер өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Қазақстан фермерлер одағының өкілдері «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікпен несие ала алмай жүрген бірнеше шаруа қожалықтарының мәселесін айтты. Сол жерде Серік Жұманғарин Аграрлық несие корпорациясының (АНК) өкіліне осы сынды кешігудің себебін анықтап, шаруаларға жауап беруді тапсырды.

«Кең дала 2» – жаңа АНК бағдарламасы, оның аясында көктемгі егін жұмыстарына қосымша 300 млрд теңге бөлінеді. Қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады. Бұл ретте қарыз алушылар үшін жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі қарастырылған. Кепілді мүлкі жеткіліксіз фермерлер үшін несие сомасының 85% көлемінде «Даму» КДҚ кепілдіктері беріледі. 

Қостанай облысында да Серік Жұманғарин су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына барып, Жангелді ауданы, Тауыш ауылындағы тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті