Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Ақтөбе облысындағы шаруалардың бірнеше жылға созылған мәселесін шешуді тапсырды

Серік Жұманғарин Ақтөбе облысындағы шаруалардың бірнеше жылға созылған мәселесін шешуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

29-30 мамыр күндері Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында вице-премьер Серік Жұманғарин Әйтеке би, Ырғыз және Мәртөк аудандарында болып, көктемгі егіс барысы, шегірткеге қарсы күрес шаралары және аграршылардың өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Ақтөбе облысы бойынша 747,3 мың га алқапқа егін егу жоспарланған. Негізгі көлем дәнді дақылдар (430,3 мың га), жемшөп (247 мың га) және майлы дақылдарға (59 мың га) арналған. Бүгінгі таңда өңірде 283,1 мың га егілді. Ауа райы жағдайын ескере отырып, егіс науқанын маусым айының басында аяқтау жоспарлануда. 

Әйтеке би, Мәртөк аудандарында вице-премьермен кездесуге шаруа қожалықтарының басшылары мен ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қатысты. Жиынға қатысушылардың бірі, шаруа қожалығының басшысы Марлен Баймағамбетов диқандардың мәселесін көтерді. Оның айтуынша, 2021 жылы егіс алқаптарын суару үшін жаңбырлатқыш машиналар сатып алынған. Алайда, «Қазсушар» жергілікті филиалы осы уақытқа дейін каналдан су беруге қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз еткен жоқ. Ал шаруаларға несие төлеу керек.

Келесі күні барлық мүдделі тараптармен кеңес өткізген Серік Жұманғарин «Аграрлық несие корпорациясына» жаңбырлатқыш машиналар сатып алған шаруалардың несиелерін қайта құрылымдауды, «Қазсушар» жергілікті филиалына екі апта ішінде шаруаларды сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Егіс алқаптарында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүріп жатқан Ырғыз ауданында вице-премьерге бақылаушы дронның жұмысы көрсетілді. Тексеруші дронның ұшқышсыз ұшатын бүріккіштен айырмашылығы — ол шегірткелердің орналасқан жерін, олардың дәрі-дәрмекпен өңделгеннен кейінгі жағдайын, дернәсілдердің жаңа инкубациялары және ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетативті ахуалы туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Дәл осы құрылғыларды Ауыл шаруашылығы министрлігі жақын арада Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының мамандары мен аймақтардағы фитосанитариялық инспекторлар үшін сатып алуды жоспарлап отыр.

Жалпы Ақтөбе облысында 784,4 мың гектар алқапты шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. Оның 533,5 мың гектары жерден, 250,9 мың гектары ауа арқылы өңделеді. Барлық ауданға химиялық өңдеуге қажетті препараттар жеткізілді. Көмекке Түркістан облысынан техникалар жеткізілді. Қазіргі таңда Алға, Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Шалқар, Ырғыз аудандарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде облыс бойынша 11 мың гектардан астам алқап өңделді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді