Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Павлодар облысында 16 пәтер ұрлығы тіркелді

Биыл Павлодар облысында 16 пәтер ұрлығы тіркелді
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Павлодар облысында 16 пәтер ұрлығы тіркелді. Оның ішінде 13 пәтер ұрлығына қатысты күдікті адамдар ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында жыл басынан бері 13 пәтер ұрлығына күдікті адамдар анықталды және ұсталды. Сегіз қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қаскүнемдер иелері үйлерінен шығып кеткенде зергерлік бұйымдарды, ақшаны, тұрмыстық техниканы, құралдарды, ұялы телефондарды ұрлауға кіріседі.

– Қала тұрғыны полицияға белгісіз біреу су жылытқышты, бұрағышты, перфораторды ұрлады деп жүгінді. Залал сомасы 300 мың теңгені құрады. Осындай өтінішпен облыс орталығының тұрғыны полицияға келіп, зергерлік бұйымдар мен ұялы телефоннан айырылып қалғанын айтты. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Тәртіп сақшылары азаматтарды сергек болуға және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыра отырып, шақырылмаған келушілердің үйге кіруіне жол бермеуді ескертеді. Үйден шыққан кезде пәтерлер мен үйлерге кіру құралы болып табылатын терезелерді, балкондарды жабуды ұмытпаңыз. Балаларға бейтаныс адамдарға есік ашуға қатаң тыйым салыңыз. Кілттерді жоғалтқан кезде, кіре берістегі есіктің құлыптарын ауыстырыңыз. Әлеуметтік желілерде сақ болыңыз. Көбінесе үй тонаушылар профильдерді қадағалайды, олар қымбат сатып алынған заттар туралы, сондай-ақ үйдің тұрғындарының жоқтығы туралы біледі.

Демалысқа шыққанда туыстарыңыздан немесе сенімді адамдардан анда-санда үйіңізді тексеруді сұраңыз. Бүгінгі таңда пәтерлер мен үйлерді орталықтандырылған қорғау сенімді әдіс болып табылады. Тек пульт күзеті тұрғын үйді және оның тұрғындарының тыныштығын шынымен сенімді қорғауды қамтамасыз ете алады, ол бірден дабыл сигналын береді және бірнеше минут ішінде үйіңізге полиция жасағы келеді.

Есіңізде болсын, азаматтардың үйлерінің қауіпсіздігі – пәтер ұрлығының алдын-алу болып табылады. Егер ұрлықтың куәсі болсаңыз немесе ұрлықшының қолынан зардап шеккен болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауыңыз керек, өйткені бұл жағдайда қылмысты “ізін суытпай” ашуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты