Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында отбасылық жанжалдарға қатысты 3559 қорғау нұсқамасы шығарылды

Павлодар облысында отбасылық жанжалдарға қатысты 3559 қорғау нұсқамасы шығарылды
Фото: polisia.kz

Павлодарда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті. Іс-шара барысында Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Джусупова қатысушыларды аталған бағыт бойынша 9 айда атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар саны 19,8% төмендегені байқалады. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері полиция органдары отбасында жанжал шығаратын тұлғаларға қатысты 3559 қорғау нұсқамасын шығарды. Оларды бұзғаны үшін 317 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 1005 ерекше талап белгіленді. Оның ішінде 995 жағдайда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды, – деп атап өтті спикер.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалуына ықпал ететін негізгі себептердің бірі – алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну. Талдау нәтижелері көрсеткендей, қылмыстардың 47%-ы алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде, қызғаныш пен әлеуметтік қанағаттанбаушылық салдарынан туындаған кенеттен болған жанжалдар барысында жасалған. Жыл басынан бері қайталанған құқық бұзушылықтар үшін 243 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 156 адамға қатысты соттар әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Полиция азаматтарды қудалау белгілерін елемей қоймай, уақытылы көмекке жүгінуге шақырады. Мәселеге ерте кезеңде ден қою жанжалдың ушығуына жол бермеуге және ықтимал жәбірленушілерді қорғауға мүмкіндік береді.

– Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтар полиция органдарына "111" және "150" сенім телефондары, сондай-ақ "102" арнасы арқылы хабарласа алады. Сонымен қатар Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймағы, 258 мекенжайында орналасқан Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөліміне жеке қабылдауға келуге болады, – деп қорытындылады полиция қызметкері.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды