Жыл басынан бері полиция 100-ден астам пәтер ұрысын, оның ішінде 10 қылмыстық топты және 7 гастрольдік ұрыны ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, 18 қаңтарда Астанада кілт таңдау жолымен пәтер есіктерін ашып, алтын бұйымдар мен ақша ұрлайтын гастрольдік пәтер ұрыларының қылмыстық тобы құрықталды. Шығын сомасы 101 млн теңгені құраған. Тінту барысында күдіктілерден кілттер жинағы мен ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді. Қаскөйлер қамауға алынды.
25 қаңтарда Алматыда төрт гастрольдік пәтер ұрысы ұсталды. Олар бес пәтерден ұрлық жасаған. Үйлерге терезені ашып кіріп отырған. Жалпы шығын 17 млн теңгеден асты. Үш күдікті қамауға алынды.