Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

7 мыңнан астам бала және 51 спорт түрі: Астанада 10 спорт мектебі бар

7 мыңнан астам бала және 51 спорт түрі: Астанада 10 спорт мектебі бар
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы спорт саясатының басым бағыттарының бірі – спортшылар резервін даярлау және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту. Қазір Астанада 10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала мен жасөспірім жаттығады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде барлығы 51 спорт түрі бар. Оның 39-ы – олимпиадалық спорт түрлері. Тәрбиеленушілер гимнастика, футбол, жекпе-жек, су спорты, қысқы және жазғы, ұлттық және басқа да спорт түрлерімен шұғылдана алады.

Спорт мектептеріне балаларды негізгі қабылдау тамыз және қыркүйек айларында жүргізіледі. Оқуға қабылдау кезінде баланың жасы, дене бітімі, қабілеті және нақты спорт түріне қойылатын талаптар ескеріледі.

Қабылдау мерзімі, жас санаттары мен іріктеу талаптары туралы ақпарат Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми ақпараттық ресурстары мен спорт мектептерінің парақшаларында жарияланады.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту алғашқы жаттығулардан бастап республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға дейінгі спортшыларды даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды