Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысқа орналасқан кездегі сынақ мерзімі: қызметкер нені білуі керек?

Жұмысқа орналасқан кездегі сынақ мерзімі: қызметкер нені білуі керек?
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкердің кәсіби біліктілігін және тапсырылған жұмысты атқара алатынын бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Бірақ сынақ мерзімі кезінде де азаматтардың еңбек құқықтары толық сақталуға тиіс, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, сынақ мерзімі туралы талап еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі керек. Егер еңбек шартында мұндай талап болмаса, қызметкер сынақ мерзімінсіз жұмысқа қабылданған болып есептеледі.

Әдетте сынақ мерзімі үш айдан аспауы қажет. Ал кейбір қызметкерлер үшін, атап айтқанда ұйым басшылары мен олардың орынбасарларына, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің басшыларына алты айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.

Ең бастысы, қызметкер жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап заңда көзделген барлық негізгі еңбек құқықтары мен кепілдіктеріне ие болады.

Атап айтқанда, сынақ мерзімі кезінде қызметкердің:

▪️жалақысын уақытылы әрі толық көлемде алуға;

▪️белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс тәртібінің сақталуына;

▪️қауіпсіз еңбек жағдайында жұмыс істеуге;

▪️еңбек заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктерді пайдалануға;

▪️еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

Сынақ мерзімі кезінде жұмыс беруші жалақыны азайта ала ма?

Сынақ мерзімінің белгіленуі жалақыны азайтуға негіз бола алмайды. Еңбекақының мөлшері еңбек шартында көрсетіледі және заң талаптарына сай болуы керек.

Мәселен, азамат жұмысқа үш айлық сынақ мерзімімен қабылданса, жұмыс беруші оның сынақтан өтіп жатқанына сілтеме жасап, жалақысын өз бетінше азайта алмайды. Еңбекақы мөлшерін өзгеше белгілеу үшін заңды негіз болуы және бұл талап еңбек шартында көрсетілуі қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды