Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жалпы құны 19,3 млрд теңгені құрайтын екі агрожоба жүзеге асырылуда

Алматы облысында жалпы құны 19,3 млрд теңгені құрайтын екі агрожоба жүзеге асырылуда
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту, отандық өндіріс көлемін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы ретте Алматы облысында жалпы құны 19,3 млрд теңгелік екі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі бағыттарын – көкөніс өндіруді, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған заманауи қуаттарды қалыптастыруды және астық логистикасын дамытуды қамтиды. Кәсіпорындардың іске қосылуы өңірдің азық-түлік инфрақұрылымын нығайтып, отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Ірі жобалардың бірі ретінде құны 17,3 млрд теңгені құрайтын ALATAU GREEN PRODUCTION заманауи жылыжай кешенінің құрылысын айтуға болады. Кешен жылына 4 мың тоннаға дейін көкөніс өндіруге қауқарлы болады.

Жоба 16 гектар аумақты қамтиды. Мұнда әрқайсысының аумағы 4 гектар болатын қысқы және жазғы жылыжайлар, сондай-ақ көшет өсіруге және салат өнімдерін өндіруге арналған мамандандырылған бөлімшелер салу көзделген.

Жобаның маңызды құрамдас бөлігінің бірі – өнім сақтауға арналған жеке инфрақұрылым. Кешен аумағында жалпы ауданы 9 177 шаршы метр болатын қойма нысаны салынады. Ол 6 мың тоннаға дейін көкөністі ұзақ мерзімге және 720 тоннаға дейін жеміс-жидекті қысқа мерзімге сақтауға арналған. Бұл өнім сапасын сақтауға, сақтау кезіндегі шығынды азайтуға және жыл бойы нарыққа өнімді тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта нысан құрылысының 80 пайызға жуығы аяқталған. Аумағы 4 гектар болатын шыны жылыжайлар тұрғызылып, жерасты инженерлік коммуникацияларын тарту жұмыстары жалғасуда. Кешенді келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.Құны 2 млрд теңгені құрайтын екінші жоба «Қайрат» индустриялық аймағында жүзеге асырылуда. Мұнда «СТРОЙИНВЕСТ – TS» серіктестігі астық өнімдерін қабылдауға, сақтауға және тасымалдауға арналған көпфункционалды өндірістік-логистикалық кешен салуда.

Жобаны іске асыру үшін 18,45 гектар жер учаскесі бөлінген. Мұнда жалпы сыйымдылығы 10 мың тонна болатын астық қоймаларын салу көзделген. Кешеннің жылдық жөнелту қуаты 200 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл өңірдің астықты ауыстырып тиеу және тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта теміржол инфрақұрылымының құрылысы толық аяқталған, газ желілерін тарту жұмыстары соңғы кезеңге жетті. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталуға жақын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды