Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда 14 пәтер ұрлығына қатысы бар жігіт қолға түсті

Түркістан қаласының полицейлері 14 пәтер ұрлығына қатысы бар жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы туралы арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның үйіне терезе арқылы белгісіз біреу кіріп, құны 100 мың теңге тұратын тігін машинасын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Ұрлықты ашу мақсатында түркістандық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.

Біршама уақыттан кейін жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Тергеу барысында күдіктінің осындай 14 пәтер ұрлығын жасағаны анықталды. Қолды болған заттардың барлығы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Үйден шықсаңыз, тіпті аз уақытқа болсын сыртқы есіктер мен терезелерін сенімді жауып жүріңіз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды