Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да полицейлер жарақат алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді

БҚО-да полицейлер жарақат алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді
Фото: polisia.kz

Подстепное – Илек автожолында қызмет атқару кезінде БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қасына бір автокөлік тоқтап, көлігінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жарақат алған азаматтың бар екенін айтып, оны медициналық мекемеге тез арада жеткізуге көмектесуді сұраған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарақат алған азамат Қаратөбе ауданының тұрғыны екен. Ол құдыққа құлап, кеуде тұсына әйнек бөтелкенің сынығы кіріп, жарақаттанған. Шыны сынықтары тері астына кіріп кеткен. Қанды тоқтату үшін жарақаттанған жерін дәкемен басып келе жатыр екен. Өзінің айтуынша, ол шамамен 1–1,5 литр қан жоғалтқан. Сондай-ақ басы айналып, қатты әлсірегенін айтқан. Әр минуттың маңызды екенін түсінген полиция инспекторлары Ринат Бигалиев пен Айбар Рашидов жарақат алған азаматты қызметтік көлікке отырғызып, қалалық көпбейінді ауруханаға жедел түрде жеткізген. Ол бірден ота жасау бөліміне жатқызылды. Осылайша тәртіп сақшылары аталған азаматты аман-есен медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтенше жағдайда әр минуттың маңызы зор. Уақытында көрсетілген көмек пен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы талай рет адам өмірін сақтап қалуға себеп болған. Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен адам өміріне деген жауапкершілігін, сондай-ақ қиын сәтте көмекке келуге әрдайым дайын екендігін тағы бір мәрте көрсетті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды