Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада демалыс күндері өтетін «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталды

Астанада демалыс күндері өтетін «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада дәстүрлі «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңке қаланың үш жерінде ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген шаруалар ет өнімдерін көпшілікке тиімді бағамен ұсынып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкені қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастырды.

«Соғым – халқымыздың қысқа қамдануымен байланысты қалыптасқан көне дәстүр. Ежелден әр отбасы қысқа арнап ет дайындап, оны сүрлеп сақтаған. Сондай-ақ жақындарын жинап, дастарқан басында ет бөліскен. Бүгінде «Соғым-FEST» осы дәстүрді жаңаша форматта жалғастырып, отандық фермерлер мен елорда тұрғындарын бір алаңға жинап отыр. Жәрмеңке арқылы тұрғындар ет өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады», – деді қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев.

Жәрмеңкеде ет өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға болады. Мәселен, сиыр етінің бір келісі – 3 300 теңге, жылқы еті – 3 500 теңгеден, қой еті 3 700 теңгеден сатылып жатыр.
Елордада Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Абай облыстарынан келген фермерлер өз өнімдерін ұсынып отыр.

«Жәрмеңкеге еліміздің оңтүстік өңірлерінен де шаруалар келді. Өткен жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда, мұнда апта сайын орта есеппен 150-200 тонна ет сатылады. Ұйымдастырушылар маусым аяқталғанша сатылатын ет көлемі 1 000 тоннадан асады деп жоспарлап отыр», – деп толықтырды Мақсат Жанабаев.

Сатылымға шығарылған еттің бәрі зертханалық тексеруден өтіп, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі анықталады.

Ал бағаның негізсіз өспеуін қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары бақылайды. Ет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатады. Сол себепті оның сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс.

«Біздің негізгі міндетіміз – бағаның дұрыс белгіленуін қадағалау. Мұндай жәрмеңкелер өндірушілердің өнімін тұтынушыға делдалсыз жеткізуге мүмкіндік береді. Қызметкерлеріміз сауда орындарын түгелімер аралап, өнім бағасының 15 пайыздық үстемеден аспауын бақылап отырады», – деді Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркебұлан Тағашов.

«Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі 2026 жылдың соңына дейін әр демалыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін елорданың үш сауда алаңында өтеді:
Keruen Joly сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
«Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
Jurt сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.
Keruen Joly және «Ет Әлемі» сауда орталықтарына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобустарымен жетуге болады. Ал Jurt сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобустары қатынайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды